Ұлы Отан соғысының шежіресінен
Ұлы Отан соғысының шежіресінен
©Сурет интернеттен алынды
267
оқылды
Қарағандылық Сәрсенбай Рустамбеков майдан шебінде қаза болып, қз елінде емес, өзге ел Эстонияда жерленген екен. Сұрапыл шайқас барысында ол бар-жоғы 29 жаста еді. Сол сәтте ол әскеріміздің жеңіске жеткенін көрмей қалды. Сәрсембай Рүстембеков 1915 жылы Қарағанды облысының Бұхар жырау ауданында дүниеге келген. Оның әкесі де, атасы да шаруашылықпен айналысқан, бағбандар болған. Ерте жасынан жұмыс араласып өскен ол, жастайынан колхозда жұмыс істеді. Кейін үлкен Михайловканың жанындағы Кірпіш зауытында, араға бір жыл салып Колхозшы ауылындағы Балалар үйінде тоқ шебері болды. Сөйтіп жүргенде, 1939 жылы ол әскерге шақырылады. [caption id="attachment_40480" align="alignleft" width="512"] width= ©Сурет интернеттен алынды.[/caption] Әскерде ол қаржылық банктің қауіпсіздігіне жауап беретін ведомстволық милиционер болған. Қызуқанды бала келісімен, майдан шебінінің алдына сұрауын тоқтатпады. Тілегіне орай, 1942 жылы оны  кескілеп өтіп жатқан қантөгістің қақ ортасына түсті. Сол жылы Кеңес әскері Барвенково-Лозовстік оперциядан жеңіліс тауып, Харьковты уысынан шығарып алған еді. 123-атқыштар дивизиясына түскен ол, ұрыс алаңында алдыңғы шепте жүрді. Олар жаудың қорғаныс шебін бұзу үшін тоқтаусыз шабуылдады. Сондай ұрыстардың бірінде олардың дивизиясы 67-әскердің құрамына қосылып, алдыңғы шепте шабуылдайтын болды. Ендігі міндет - жаудың ішкі қорғаныс шеңберін бұзу. 1943 жылдың 14 қаңтарында басталған шабуыл үш күнге созылды. Қарсыластың блокадасын бұзған біздің әскер Ленинградты қайтарып алды. Ендігі шайқаста Ленинградтық және Волхов әскері біріктіріліп, шабуылдайтын болды.