Jusan Bank және АТФБанк банкоматтар желісін біріктірді
Jusan Bank және АТФБанк банкоматтар желісін біріктірді
113
оқылды
Jusan Bank және АТФБанк банкоматтар желісін біріктірді, Қазақстанда олардың жалпы саны 1 150-ге жетті. Олардың ішінде 182 аппарат қолма-қол ақша алуға арналған cash-in функциясымен жабдықталған. Jusan Bank және АТФБанк клиенттері барлық банкоматты «үй жағдайында», яғни, банк тарифтерінде банкішілік операциялар үшін қарастырылған лимиттер аясында қосымша комиссиясыз пайдалана алады.
«Банкоматтардың бірыңғай желісінде еліміздегі екі банктің бір миллионннан астам карта ұстаушысына қызмет көрсетілетін болады, бұл қолма-қол ақша алу кезінде айтарлықтай үнем жасауға мүмкіндік береді. Қолма-қол ақшасыз төлем жасау белең алғанына қарамастан, Қазақстанда банкоматтар әлі де қаржылық экожүйенің маңызды бір бөлігі болып қала береді. Осылайша клиенттерімізге ыңғайлы болу үшін қолма-қол ақшаға қолжетімділікті біз екі есеге арттырдық», - деді деді Jýsan Bank басқарма төрағасы Айбек Қайып.
Техникалық интеграция клиенттерге қаражатты қолма-қолма ақша түрінде алумен қатар, басқа да операцияларды жасау мүмкіндігін береді: ақша қаражатын аудару, мобильді төлемдер, PIN-код ауыстыру және орнату. Клиенттердің екі банк банкоматтарын пайдалану бойынша тарифтер өзгеріссіз қалады. Jusan Pay төлем карталарын пайдаланушылар бұрынғысынша кез келген банк банкоматынан 500 мың теңгені ай сайын комиссиясыз ала алады, ал Jusan Bank және АТФБанк банкоматтарынан сома бойынша ешқандай шектеу болмайды. Өз кезегінде АТФБанк карталарының барлық түрін пайдаланушылар үшін Jusan Bank банкоматтарынан қолма-қол ақшаны алу АТФБанк банкоматтарында қызмет көрсету шарттарымен бірдей болады.