Алматы, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облысында электр жарығы өшіп қалды
Алматы, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облысында электр жарығы өшіп қалды
Фото: Интернеттен алынды
181
оқылды
Қазақстанның төрт облысында тұрғындар жарықсыз қалды, – деп хабарлайды 24.kz. «KEGOC АҚ ұлттық операторының 500 кВ желілерінде өшірілуіне байланысты төрт облыста – Алматы, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарында электр энергиясын беруге шектеу қойылды», – деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің ресми өкілі Серікжан Ерментаев. Ерментаевтың айтуынша, қазіргі уақытта бұл шектеулер алып тасталды. Абоненттерді қайта қосу жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар қазіргі уақытта ақаудың себебін анықтап жатыр.