8 облыс аумағында дауылды ескерту жарияланды
8 облыс аумағында дауылды ескерту жарияланды
100
оқылды
Елімізде 8 облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Ақтөбе облысында  19 наурызда  кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с-қа жетеді. Атырау облысында кей жерлерде тұман түседі, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Ақмола облысында  оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа  жетеді. Маңғыстау облысында  кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Қызылорда облысында  кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с болады. Қостанай облысында кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с -қа жетеді. Қостанай қаласында ертең күндіз көктайғақ болуы ықтимал Қарағанды облысында 19 наурызда кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін. Қарағанды қаласында ертең күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.