Қазақстан аумағында WhatsApp пен Instagram желілері істемей қалды. Downdetector мәліметінше, екі желіге де иелік ететін Facebook-те ғаламдық ақау болған. Желілердегі ақау Нұр-Сұлтан уақытымен шамамен 23:00-де пайда болған.
WhatsApp-та қосымшаның мобильді үлгісінде ғана емес, веб-нұсқасында да хабарламалар жіберілмей қалған.
Ал Instagram әлеуметтік желісіне смартфондардан да, компьютерлерден де кіру мүмкін емес болды.