Көне кілемдер көрмесі
Көне кілемдер көрмесі
233
оқылды

Алматы қаласындағы Мемлекеттік орталық музейде «Масатыдай құлпыр­ған…» атты қалпына келті­рілген көне кілем мен то­қыма бұйымдардың көр­месі ашылды.

Бұл көрме бұрынғыдан өз­герек. Өйткені көрмеде  елі­міздің оңтүстік, солтүстік және батыс өңірінен дәстүрлі қазақ кілемдерінің бұрын көрмеге қойылмаған және жоғары көр­кемдік-тарихи маңызы бар біре­гей коллекциясы топ­тас­тырылған. Музейдің реставрация бө­лімінің меңгерушісі Шолпан Тұрсынбаеваның айтуынша, кілемдер еліміздің оңтүстік және шығыс өңірінде тоқылған. Кілемнің дайындалу әдісі мен си­паты жағынан өзіне тән өз­гешеліктері бар. Көрмеден қайта қалпына келтірілген кілемдер мен қатар тоқыма бұйымдарын тамашалауға болады. Жәді­гердің барлығы музей қо­рында сақталған. Тарихи-мә­дени артефактілерді қалпына келтіру – орталық музей қыз­метінің маңызды бағыттарының бірі. Оған қоса музейде 1986 жыл­дан бері реставрация бөлімі жұмыс істейді. Қазір онда сегіз білікті маман кескіндеме, графика, қыш, мата бұйымдары, кілем-киіз және тағы басқа ба­ғыттар бойынша қызмет етіп жа­тыр. Мәлімет бойынша, көрмеге 13-ке жуық түкті кілем мен бас­құрттар, қоржындар қойылған. Бұл бұйымдардың барлығы ХХ ғасырдың бірінші жартысында тоқылған. Ең көне кілем 1934 жылы Оңтүстік Қазақстан об­лы­сында тоқылған. Аталған көрменің басты мақсаты – Орталық музей қоры негізінде қазақ халқының кілем және тоқыма бұйымдарының тіршілік қамы функциясын, сонымен қатар тоқу материал­дары мен техникасын, қол­даныс аясын, шаруашылық, тұр­мыстық функцияларын ашу.

  А. ЖОЛДАС