Наурыз мерекесіне орай «Қыз Жібек» операсы онлайн көрсетіледі
Наурыз мерекесіне орай «Қыз Жібек» операсы онлайн көрсетіледі
269
оқылды

Абай атындағы ҚазҰАОБТ шығармашылық ұжымы Наурыз мейрамына арналған бірқатар ауқымды спектакльдер өткізуге дайындалып жатыр.

Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсының көрсетілімдері, қазақстандық композиторлардың музыкасына қойылған «Ұлы дала аңыздары» балеті, «Алматы әуендері» ішекті аспаптар квартетінің концерті және «Хабар» телеарнасымен бірлесіп жасалған «Опера түні немесе Наурыз құтты болсын!» тележобасы жарияланды.

20 наурыз сағат 18.00-де TengryNewsVK эфирінде желтоқсан айында премьерасы өткен Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсының онлайн көрсетілімі өтеді. Сыншылар спектакльді эпикалық деп сипаттады. Дәл осы «Қыз Жібек» операсынан Қазақстандағы опера өнерінің дамуы басталады. Оның музыкалық мазмұны – қазақ халқының түрлі ән дәстүрлері үлгілерінің раритетті, этнографиялық жинағы. «Қыз Жібекте» халық әні мен аспаптық шығармашылығының үздік үлгілері жинақталып, синтезделді: бұл елуге жуық авторлық күйлер мен әндер. Спектакльдің қойылымдық тобы – қоюшы режиссер Михаил Панджавидзе (Ресей), қоюшы дирижер Қанат Омаров, қоюшы балетмейстерлер Гүлжан Түткібаева мен Айгүл Тати, костюмдер мен сценография бойынша суретшілердің шығармашылық тандемі Павел Драгунов пен Софья Тасмағамбетова, хормейстер Әлия Темірбекова, жарық бойынша суретшісі Сергей Шевченко (Ресей) және видеограф Ербол Бейсенов. [caption id="attachment_121553" align="alignnone" width="1200"] width= © В.Акуленко[/caption] 21 наурыз күні сағат 18:00-де театрдың ресми Yotube @AbayTheatre каналында «Ұлы дала аңыздары» балетінің онлайн көрсетілімі өтеді. Балет 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай қойылған. Бұл Қазақстандағы жаңа қойылымның алғашқысы еді, онда кейіпкерлер еуропалық классиканың кейіпкерлері емес – батыл батырлар мен қазақ даласының сұлулары. «Ұлы дала аңыздары» балетін жасау үшін ҚР Халық әртісі, қоюшы балетмейстер Гүлжан Түткібаева және дирижер Ерболат Ахмедьяров бастаған қазақстандық топ жұмыс істеді. Балетте Ғ. Жұбанова, Т.Қажығалиев, М. Маңғытаев, М. Сағатов, А. Серкебаев, Н. Тілендиев, А. Бестыбаев сынды қазақстандық классиктердің шығармаларынан үзінділер шырқалады.