Жапон ғалымдары диетасыз арықтаудың жолын айтты
Жапон ғалымдары диетасыз арықтаудың жолын айтты
201
оқылды
Жапон ғалымдары артық салмақ жинамау үшін тамақты қалай дұрыс тұтыну керегін айтты, – деп хабарлайды British Medical Journal. Зерттеу жүргізгеннен кейін сарапшылар артық салмақ жинамауға диета ғана емес, тамақтану жылдамдығы да әсер етеді деген қорытындыға келді. Сарапшылар эксперимент қатысушыларын тамақтану жылдамдығына байланысты үш топқа бөлді: жылдам, қалыпты және баяу.
Баяу тамақтану семіздіктің дамуына айтарлықтай кедергі келтіретіні белгілі болды. Баяу және қалыпты жылдамдықпен тамақтанған қатысушылар тез тамақтанатындарға қарағанда артық салмақтан аз зардап шегетін болып шықты.
Ғалымдар тамақтану жылдамдығының төмендеуі салмаққа ғана емес, адамның денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына да оң әсер етуі мүмкін екенін айтты.