Ойыншық тапаншамен ломбард қызметкерін тонаған ұры ұсталды
Ойыншық тапаншамен ломбард қызметкерін тонаған ұры ұсталды
109
оқылды

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, дүкен сатушысы полицияға хабарласып, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, ақша талап еткен күдікті туралы айтқан.

«Саудагер сол уақытта дүкенге сатып алушылар кіріп, белгісіз адамның тез арада шығып кеткендігін айтты. Бірнеше минуттан кейін көршілес дүкеннің сатушысы да дәл осындай жайтты хабарлады. Оқиға орнына жедел тергеу тобы аттанды. Қаладағы барлық дүкен иелеріне ескерту жасалды. Күдіктіні ұстау үшін полицейлерді дүкендерге жібердік. Бірнеше минуттан кейін дүкендердің бірінің сатушысы хабарласып, ұрыны көргенін айтты. Ол бірден қолға түсті», – деді полицейлер.

Тергеу барысында күдіктінің осыдан екі күн бұрын Қостанай қаласында ломбардтан ақша алып кеткені анықталды. Ол кезде де күдікті ойыншық тапаншамен ломбард қызметкерін қорқытып, 600 мың теңге ұрлаған. Ломбард қызметкері күдіктіні таныды. Ұрының Қарабалық ауданының 22 жастағы тұрғыны екені белгілі болды.

Біз бұған дейін Қостанай облысындағы «Қара бүркіт» түрмесінің басшысы ауысқанын жазған болатынбыз.