Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) өз салмағындағы чемпиондарды жекпе-жекке шақырды, - деп хабарлайды Prosports.kz.
«Маған чемпиондық титул керек. Қайдасыңдар, чемпиондар? Егер жұдырықтасқыларың келмесе, маған белбеуімді беріңдер», – деп жазды Жәнібек Твиттердегі парақшасында. Бұл жазбасына ол жаттығуының видеосын қосқан.
Бұған дейін Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андрадені жекпе-жекке шақырған болатын. Сондай-ақ WBC белбеуінің иегері Джермалл Чарло мен WBA чемпионы Сауль Альвареспен де кездесуге дайын екенін айтқан еді.
https://twitter.com/qazaqstyle/status/1226525547997487104