Мурманскіде қазақтардың төбелесіне қатысты СІМ өкілі пікір білдірді
Мурманскіде қазақтардың төбелесіне қатысты СІМ өкілі пікір білдірді
137
оқылды

Әлеуметтік желіде Мурманск өңірінде қазақтар өзге ұлт өкілдерімен төбелескені туралы видеолар тарап жатыр.

Олардың арасында қазақтар бар. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров оқиғаға қатысты пікір білдірді. «23 наурыз күні, сағат 20:30 шамасында Мурманск облысы Белокаменка ауылының жанындағы Ірітоннажды теңіз құрылымдары орталығының құрылыс алаңында вахталық әдіспен жұмыс істейтіндердің, соның ішінде Қазақстан азаматтарының қатысуымен жаппай төбелес болды. Бұл жағдай тұрмыстық оқиға сипатына ие. Компания өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда мәселе шешіліп, қызметкерлер қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, жарақат алғандар және құқық қорғау органдары ұстап алып кеткен азаматтар арасында қазақстандықтар жоқ. Қазақстанның Санкт-Петербургтегі Бас консулдығы мәселені өз бақылауында ұстауда», – деді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.