Қазақстанның бизнес портфеліндегі білім беру саласының үлесі 2016 жылдан 2020 жылға дейін 2%-дан 0,6%-ға дейін төмендеді. Білім беруді дамытуға жұмсалған қаржы жүктемесі мемлекеттік бюджетке түседі. 2020 жылы бюджеттен білім беруге 81,1% инвестиция құйылған. Ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 57,6% болған.
Еnergyprom.kz–тің хабарлауынша, 2015-2019 жылдары мемлекеттік бюджеттен білім беру саласына жұмсалған шығыс көлемі ЖІӨ-нің 3,2% -3,6%-ын құрады.
2015-2019 жылдары мемлекеттік бюджеттің білім беруге арналған шығыстары елдің ЖІӨ-нің 3,2% -3,6% арасында болды. ЖІӨ-ге пайыздық қатынастағы инвестициялардың мұндай деңгейі өте төмен: ол әлемнің көптеген елімен салыстырғанда да аз көрсеткіш, әрі ЮНЕСКО ұсынған деңгейге де жетпейді (ЖІӨ-ге 5% -7%).
Қазақстанда білім беру саласының дамымауы 2020 жылы адами капитал индексіндегі көрсеткіштің төмендеуіне себеп болды: Қазақстан 51-орынға тұрақтады, ал 2019 жылы 50-орында болды. Адами капиталды дамытудың маңызды өлшемі - жоғары білім деңгейі. Қазақстанда 2020 жылдың төртінші тоқсанында жоғары білімі бар жұмыспен қамтылған халық үлесі 42,6%-ға жетті. Дамыған елдер мұндай көрсеткішті кем дегенде 50%-ға жеткізуді көздеп отыр.
АҚШ-тағы білім беру саласының жағдай қалай?
2019 жылы АҚШ-тағы барлық білім беру қызметтері нарығының мөлшері 1,62 трлн доллар болды, ал студенттік несиелер бойынша қарыз көлемі - шамамен 1,54 трлн доллар. Ондағы білім беру несиелері ипотекадан кейінгі қарыздардың ең үлкен санатына жатады, ол тіпті өтелмеген автокредиттер сомасынан да асады.
Кейінгі мәліметтер бойынша қарыз алушылардың саны 44 миллион адамнан асады, қарыздың орташа мөлшері — 32 731 доллар, ай сайынғы төлем - 393 доллар. Студенттік несиенің 300 миллиард долларын 50 жастан асқан адамдар алған.
Студенттердің қарызы АҚШ банк жүйесіне қатты әсер етпейді, өйткені ондай несиелердің көпшілігін үкімет қаржыландырады. Яғни, несиелердің қайтарылмауы ең әуелі Америка бюджетінің тапшылығына жеткізеді. Бұл ел бюджетіне шетелдік студенттерден түсетін қаржыны есептемегендегі көрсеткіш. Осылайша елдегі білім беру саласының әлсіреуі экономикасына да кесірін тигізіп жатыр.
[caption id="attachment_124042" align="aligncenter" width="940"] Фото: Оnlinecoursereport.com[/caption]
Әлемдегі ең ірі жоғары оқу орындарының бірі - Гарвард бірінші курс студенттерінің 20%-ы оқуды кейінге қалдырғанын хабарлады. Басқа университеттерде бұл көрсеткіш 40%-ға дейін жетуі мүмкін. Оған басты себеп - қашықтан оқытудың жаңа форматына сенімсіздік қана емес, азаматтардың қаржы жағдайының нашарлауы.
Әрине, Қазақстан мен АҚШ-тың экономикасын салыстыруға келмейді. Дегенмен Америкадағы білім беру саласы қызметтеріне сұраныстың және бұл саланың ел экономкасына әсерінің қаншалықты екенін байқауға болады.