Партияның сайлауалды талаптарын орындау басты назарда
Партияның сайлауалды талаптарын орындау басты назарда
218
оқылды

Еліміздегі жетекші саяси құрылым ретінде қалыптасқан «Nur Otan»  партиясының халық пен билік арасында «алтын көпір» болу мақсатындағы жүйелі жұмыстары көптің назарында. Соңғы жылдары жергілікті жерде халықтың аса зор сеніміне ие болып отырған партияның ықпалымен халықтың әл-қуатын арттыру, тұрмыс сапасын жақсарту, олардың әлеуметтік мәселесін шешу бағытында ауқымды жұмыстар белсенді түрде қолға алынғаны уақыт ақиқаты.

Осы орайда, партияның Жамбыл облысы бойынша «Өзгеріс­тер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» деп аталатын сайлауалды бағдарламасын іске асырудың жай-жапсарымен танысу мақсатында «Nur Otan»  партиясы облыстық филиалы төрағасы­ның бірінші орынбасары Дауыл Бейсенқұловпен сұхбаттасудың сәті түсті.

– Дауыл Ынтықбайұлы, жыл басындағы Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауындағы жеңісінен соң «Nur Otan» партиясынан жасақталған депутаттық фракцияның алғашқы отырысынан-ақ олардың саяси құрылымның сайлауалды бағдарламасын іске асыруға кіріс­кенін аңғардық. Партияның ықпалымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының төлқұжаты саналатын бағдарламаны толықтай жүзеге асыруда қандай кешенді іс-шара қолға алынды? – Шынында, сайлау нәтижесінде жаңа құраммен жасақталған барлық деңгейдегі мәслихаттардағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының мүшелері депутаттық қызметтің алғаш­қы күнінен партияның сайлауалды бағдарламасы талабын орындауды басты назарға алды. Ақпан айында партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» деп аталатын сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының жобасы барлық деңгейдегі партия филиалдары төрағаларының қатысуымен өткен депутаттық фракция отырысында кеңінен талқыланды. Бұл талқылаудан соң партия филиалы саяси бюросының отырысы өткізіліп, онда Жол картасы бекітілді. Облыстық, Тараз қалалық және 10 аудандық сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша бекітілген Жол картасында 102 іс-шара және 986 индикаторлық көрсеткіш қамтылған. Бұл көрсеткіштерге 5 жыл ішінде кезең-кезеңімен қол жеткізу жос­парланған. Биылғы жылдың соңына дейін өңірдегі сайлауалды бағдарламадағы 210 индикаторлық көрсеткіш­ке қол жеткізу басты міндетке айналып отыр. Жалпы, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын әзірлеуде праймериз кезіндегі жиналыстар мен сайла­уалды үгіт жұмыстары барысында облыс тұрғындарынан келіп түскен және айтылған 1 169 ұсыныс-тілектің 776-сы ескерілді. Сондай-ақ қосымша 82 ұсыныс-тілек енгізілді. Бір сөзбен айтқанда, партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы ұлт Тәуелсіздігінің 30 жылдығында қол жеткізген табыстарымыз бен мақсат-мінде­тіміздің жаңа межесіне айналмақ. – Партияның сайлауалды бағ­дар­ламасын іске асыру бойынша барлық межелі міндеттер мен кешенді шаралар легі айқындалған Жол картасы бекітілді. Ендігі кезекте дәл осы мақсат-міндеттердің үде­сінен шығу мәселесі күн тәртібіне қойылары анық. Осы орайда, партияның облыстық филиалы тарапынан ұйымдастыру, бақылау жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр? – Қазір партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша қабылданған Жол картасындағы шаралар мен нысаналы индикаторларды бақылауға жауапты «Nur Otan» партиясының мәслихаттардағы депутаттық фракциясы мүшелері мен жауапты мемлекеттік органдар бекітілді. Олардың есепті кезеңде атқарған жұмыстарының барысын депутаттық фракция отырысында тыңдау көзделуде. Сондай-ақ барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының қоғамдық пікір көшбасшыларын сайлауалды бағдарламаның аралықтағы орындалуы туралы ақпараттандыру үшін канвассинг форматында кездесу өткізе бастады. Барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары әлеуметтік желідегі аккаунттары арқылы тікелей эфирге шығып, желі қолданушыларына партияның сайлауалды бағдарламасының басымдықтарын, оны жүзеге асырудың алгоритмдері бойынша ақпарат береді. Бүгінде партия Орталық аппаратының тапсырмасына сай сайлауалды бағдарламаның орындалуына партиялық бақылау жасау және партия жұмысын жүйелі ұйымдас­тыру мақсатында саяси құрылым жанынан 13 қоғамдық кеңес құрылды. Кеңес құрамы облыстық мәслихат депутаттарынан және партия­ның танымал, беделді мүшелері мен үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерінен жасақталды. Сондай-ақ апта сайын облыс әкімінің орынбасары Талғат Мамаев пен облыстық мәслихаттың хатшысы Махметғали Сарыбеков, облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының жетекшісі Мұқаш Ескендіровтің қатысуымен өтетін жиында өңірде партияның сайлауалды бағдарламасын іске асырудың барысы қаралады. – «Nur Otan» партиясының сая­си додадағы жеңіске жетуіне оның сайлаушылардың барлық санатының ең өзекті мәселелерін шешудің тетігі қарастырылған сайлауалды бағдарламасы шешуші рөлге ие бол­ғаны анық. Сондай-ақ партия ел тарихындағы алғаш рет пар­тиялық тізіммен өткен сайлауға үлкен дайындықпен келді. Бұл жұмыстардың өңірдегі нәтижесі қандай? – «Nur Otan» партиясы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына дайындықты 2019 жылдан бастап кетті. Сол жылдан бастап партия Төрағасы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен партия қызметін қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Өткен жылы партия тарихында тұңғыш рет праймериз өткізілді. Біздің облыстың өзінде партия белсенділерін іріктеу мен таңдауға негізделген партияішілік праймеризде өз бағын сынап, жоғары көрсеткішке қол жеткізген партияның 120 мүшесі жергілікті мәслихатта депутаттық мандатқа ие болды. – Облыстық филиалда партия жұмысының өзге бағыттарының аяқалысы қалай болып жатыр? Партиялық жобалардың жүзеге асырылуы, қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметі өз деңгейінде жолға қойылған ба? – Партияның ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуді мақсат ететін «Ардагерлерді ардақтайық!», мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту, бос уақытын тиімді ұйымдастыру сынды мәселелерді шешуге бастама­шылдық танытатын «Кедергісіз келешек» секілді жобалары өңірде өз дең­гейін­де жүзеге асырылып жатыр. Партия облыстық филиалы қазыналы қарттарға қамқорлық көрсетуге үлкен мән береді. Ал «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында соңғы 5 жылда «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының бастамасымен облыс әкімдігінің жұмыс­пен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп, өңірде мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру бойынша 26 бос жұмыс орнының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жүргізілген мақсатты жәрмеңкелердің нәтижесінде 63 мүмкіндігі шектеулі азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды. «Nur Otan» партиясы қарапа­йым халықтың үніне құлақ асып, өңір тұрғындарының көкейінде жүрген өзекті мәселелерге ден қоюда қоғамдық қабылдау жүргізу тәжірибесін кеңінен қолданып келеді. Мәселен, өткен жылы партияның облыстық және аумақтық филиалдарына барлығы 13 384 өтініш түскен. Есепті кезеңде қо­ғам­дық қабылдау бөлмесіне өті­ніш­пен хабарласқандардың 67 па­йы­зының мәселесі оң шешімін тапты. Өткен жылғы партияның қо­ғамдық қабылдау бөлмесіне түскен өтініш санының 4 есе көп болуы халықтың партияға деген сенімінің жоғары екенін айғақтай түседі. Сонымен бірге республика аума­ғында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында жарияланған шектеу шараларынан соң жұмыссыз қалған, тұрмысы төмен отбасылар да азық-түлік себеті мен материалдық көмек сұрап партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш білдірген. Қоғамдық қабылдау бөлмесіне көмек сұрап келген жергілікті тұрғындардың мәселесін оңтайлы шешуде жауапты мекемелердің бірінші басшыларының жеке партиялық қоғамдық қабылдау жүргізуі өз тиімділігін дәлелдеп келеді. Мысалы, есепті мерзімде «Nur Otan» партиясы филиалдарында облыс, қала, аудан әкімдері мен мемлекеттік мекеме басшылары 153 қабылдау өткізді. Сондай-ақ орталық мемлекеттік орган басшылары мен Парламент Мәжілісі депутаттарының бейнеконференция байланысы арқылы 7 қабылдау ұйымдастырылып, 23 азаматтың өтініші қаралды. – Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы