Түрмеде кітап оқығаны үшін жеңілдік жасалады
Түрмеде кітап оқығаны үшін жеңілдік жасалады
106
оқылды

Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) хабарлауынша, жазасын өтеп жатқандарды қазір шартты түрде мерзімінен бұрын босату жөнінде өтініш беруді көздеп отыр. Олардың көпшілігі «Шекарасыз оқу» пилоттық жобасына қатысқан.

Биыл қаңтарда Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде «Шекарасыз оқу» пилоттық жобасы іске қосылды. Мақсат – оқу арқылы олардың түзелуіне жағдай жасау. Биыл 26 наурызда облыс бойынша мекемелерде пилоттық жобаны іске асыру жөніндегі комиссиялардың алғашқы жиыны өтті. Оған прокуратура, қоғамдық бақылау комиссиясының өкілдері, қазақ және орыс әдебиетінің оқытушылары атсалысты. Қоғамдық тыңдаудың бірінші отырысына  жазасын өтеп жатқан 48 адам  қатысты. Жоба шарты бойынша сотталғандар әдеби шығарманы оқып, ой-пікірін айтты. Эссе жазып, сұрақтарға жауап берді.

«Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД басшылығына пилоттық жоба үшін алғыс айтамын. Соның арқасында менің мүгедек жұбайым шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш бермек», – дейді АК-159/7 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушының жұбайы.

Жобаға атсалысқандардың ішінде үздік атанған 30-дан астам сотталушы марапатталды.