Балықшылар Жайықтан салмағы 150 келі тартатын балық аулады
Балықшылар Жайықтан салмағы 150 келі тартатын балық аулады
215
оқылды

Балықшы Өмірзақ Әзбергеновтің айтуынша, бекіре тұқымдас алып балық 29 наурызда кешкісін ауға түскен.

Балықшылар оны бекіре тұқымдас балықтар шабағын өсіру жөніндегі мемлекеттік тапсырыс аясында аулаған, – деп жазады inform.kz. Балық Жайық-Атырау бекіре шабағын өсіру зауытына жеткізілген.

«Бекіре тұқымдас балықтың салмағы – 150 келі, ұзындығы – 2 метр 44 см. Біздің мамандар ультрадыбыстық сканьердің көмегімен бекіренің аналық екені, қара уылдырығы барын анықтады. Балық зауыттың тоғанында болады. Одан жасанды жолмен қара уылдырық алынады. Содан соң оны Каспий теңізіне қайта жібереміз», – дейді зауыт директоры Ғилман Сәрсемалиев.

https://youtu.be/DcqHthAUCEE Видео: ATPress.kz-тен алынды.