«Тараз» футбол клубының қысқартылған 203,1 миллион теңгесі қайда жұмсалады?
«Тараз» футбол клубының қысқартылған 203,1 миллион теңгесі қайда жұмсалады?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Жолдауында спорттық клубтардың санын ықшамдап, қаржы үнемдеуді тапсырғаны белгілі. Биыл осы қаржылай қысқартуға «Тараз» футбол клубы ілініп отыр.
– Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған  Жолдауында жүктеген тапсырмасын  орындау бойынша облысымыздағы «Тараз» кәсіпқой футбол клубынан биыл  203,1 миллион теңге қысқартылып, қаражаттар үкіметтік емес ұйымдармен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өткізілетін бұқаралық спорттық іс-шаралар мен балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің теңгерімдеріне жаңадан берілген дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін күтіп  ұстауға және  спорттық іс-шараларға қатысуы мен өзге де шығындарын өтеуге бағытталды. Нәтижесінде бұқаралық спортпен шұғылданушылар санын арттыруға жол ашылып отыр,– дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков.
Естеріңізге сала кетсек, биылғы маусымда «Тараз» футбол клубына  1,5 миллиард теңге бөлінгені айтылған. Жігіттер әзірге жаман ойын көрсетіп жатқан жоқ. Бір рет жеңіске жетіп, бір мәрте тең түсті. Қаржының қысқартылуы футболшылардың ойынына  әсер етпейді деп сенеміз.  

Саятхан Сатылған,

Жамбыл облысы