Ресейде кісі өлтірген ер адам Нұр-Сұлтанда бас аспаз болып жұмыс істеген
Ресейде кісі өлтірген ер адам Нұр-Сұлтанда бас аспаз болып жұмыс істеген
98
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, Ресей азаматы 2011 жылы Санкт-Петербор қаласында біреуге ауыр жарақат салып, салдарынан сол адам көз жұмған.

Қашып жүрген ер адам 10 жыл бойы іздеуде болды. Соңғы жылдары Қазақстанда тұрып, жалған құжат алып, бөтен есіммен өмір сүрген. Үйленіп, астанадағы мейрамханалардың бірінде бас аспаз болып жұмыс істеген. Ұстау кезінде ер адам өзінің аты-жөнін жасыруға тырысты. Алайда полиция оның саусақ іздерін салыстырып, оның күдікті екенін растады. Ол РФ Қылмыстық кодексінің 111-бабы 4-бөлімі бойынша адам өліміне әкеліп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деп айыпталып отыр. Оны іздестіруді Санкт-Петербор қаласының Ішкі істер басқармасы жариялаған. Астанада ұсталған ер адамды Ресейге экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Бұған дейін 14 жыл бойы Қазақстаннан заңсыз зейнетақы алып отырған Ресей азаматы жайында жазған болатынбыз.