Биыл 25 педофилге химиялық кастрация жасалады: препараттың бір дозасы қанша тұрады?
Биыл 25 педофилге химиялық кастрация жасалады: препараттың бір дозасы қанша тұрады?
138
оқылды
Биыл 25 сотталушыға сот үкімімен химиялық кастрация жазасы тағайындалды. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк айтты. "Қазіргі таңда еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесіндегі мекемелерде 25 сотталушы (педофил – автор) жазасын өтеп жатыр. Соттың үкімімен оларға химиялық кастрация жасау жазасы тағайындалды", - деді Алексей Милюк. Еске сала кетейік, Қазақстанда 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап педофилдерге химиялық кастрация жасау туралы заң күшіне енді. Қазақстанда алғаш рет 2019 жылы төрт педофилге химиялық кастрация жасалды. Қазақстанда кастрация үшін "Ципротерон" препараты қолданылады. Оның құны - 11,5 мың теңге. Препаратты 10-14 күнде бір рет егу керек.  Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл процедура бір адамға ұзақ уақыт жүргізілуі керек. Сонда бір педофилге мемлекеттік бюджеттен бір жылда шамамен 126 мың теңге жұмсалады.
2018 жылы бұл препаратты сатып алуға мемлекет 9,6 млн. теңге бөлген. Бұл қаржы 77 сотталушыға химиялық кастрация жасауға жұмсалған. 2019 жылға 152 сотталушыға 19 млн. теңге бөлінді. Ал 2020 жылы бюджеттен 232 сотталушыға химиялық кастрация жасау үшін 29,2 млн. теңге бөлінген. 
Айта кету керек, "Ципротерон" препараты барлық педофилге бірдей егіле бермейді. Себебі, дәрі кейбірінің ағзасына әсер етпеуі мүмкін.