Астанада 4 сәуір күні автобустар жүре ме?
Астанада 4 сәуір күні автобустар жүре ме?
131
оқылды

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, қоғамдық көліктердің жұмысы бір күнге тоқтайды.

«Жексенбі күні, яғни 4 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, астанада қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Дезинфекциялық жұмыс жүргізіледі» делінген хабарламада.

Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Жолақы қолма-қол ақшасыз төленеді.