Қостанай облысында 17 жастағы студент есікке асылып қалған
Қостанай облысында 17 жастағы студент есікке асылып қалған
149
оқылды

Рудный қаласындағы колледжде оқитын 17 жастағы студент өзі жалдап тұратын пәтерде есікке асылып қалған, - деп хабарлады Tobolinfo.kz.

Оқиға 19 наурызда болған. Оқу орнында студенттің екінші курста оқитыны белгілі болды. Ол өзін жақсы жағынан көрсеткен, полицияда есепте тұрмаған, колледждің қоғамдық өміріне белсенді араласқан.  Ашық- жарқын бозбаланың бұндай қадамға не үшін барғаны белгісіз.

Студент өлер алдында қағаз жазып қалдырған. Онда ата-анасынан өліміне ешкімді кінәламауды, өзін кешіруді сұраған. Жаңа жылға дейін өзіне қол салмақ болғанын жазған. Өйткені кейінгі кездері істеген күнәлары өзіне маза бермепті.

Басылымның жазуынша, студенттің ата-анасы ұлдарын өз-өзіне қол жұмсауға біреу мәжбүрлеген деп есептейді. Жақында студенттің өзі хабарласып, Наурыз мерекесіне орай үйге келетінін айтқан. Алайда марқұмның туыстары бұл мәліметті растаудан бас тартты. ҚР ҚК 105 бабы 3 бөлігі "Өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүрлеу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.