Елімізде 6 өңір «қызыл» аймақта
Елімізде 6 өңір «қызыл» аймақта
169
оқылды

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.

2021 жылдың 3 сәуіріндегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта тұр.

«Сары» аймақта Шымкент қаласы және Ақмола мен Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған барлық өңір - «жасыл» аймақта. Қазақстан таяуда әлемдік эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа өткен.