Батыс Қазақстанда тұрғын үй өртеніп кетті
Батыс Қазақстанда тұрғын үй өртеніп кетті
121
оқылды
Батыс Қазақстан облысында тұрғын үй өртеніп, бір отбасы баспанасыз қалды. БҚО ТЖ департаменті баспасөзінің мәліметінше, оқиға 2 сәуір күні Ақжайық ауданы Чапаев ауылында болған. Аумағы 80 шаршы метр тұрғын үй және жақын  орналасқан 48 шаршы метр гаражбен  Lifan автокөлігі өртеніп кеткен. Өрт салдарынан бір отбасының бүкіл дүние мүлкімен бірге құжаттары өртеніп кеткен. Өртті ауыздықтауға жеке құрамнан 11 адам мен 2 техника жұмылдырылған. Қазіргі кезде ауыл тұрғындары отбасыға көмектесуде.