Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
5,110
оқылды
"Қазгидромет" еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жариялады. 4 сәуірде Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 16 м/с күтіледі.  Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, бұршақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. 4 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.  Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғатын желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді.  Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.