Елімізде жаңа агенттік құруды ұсынды
Елімізде жаңа агенттік құруды ұсынды
134
оқылды
Жер реформасы комиссиясының екінші отырысында жер ресурстарын бақылау бойынша бірыңғай мемлекеттік жүйе құру мәселесі қаралды, деп хабарлады primeminister.kz. Санитарлық талаптарға сәйкес іс-шараға тек комиссия мүшелері қатысты. Комиссия құрамында ҚР Парламент депутаттары, облыс әкімдерінің агроөнеркәсіп кешені мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарлары, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, фермерлер, салалық бірлестіктер мен фермерлер одағының, «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері, қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, журналистер мен блогерлер бар. Қазіргі уақытта барлық аймақтық жер инспекциясы 2014 жылы әкімдіктердің құзырына берілген. Яғни, әкім өзі жер береді, оны өзі бақылайды. Осыған байланысты бірінші қаралған мәселе – «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына мемлекеттік жер кадастрын жүргізу функцияларын бере отырып, жер ресурстарын басқару агенттігін құру керек. Бұл туралы экономикалық жұмыс тобының басшысы Ақылбек Күрішбаев айтты. Ұсынысты отырысқа қатысқан жұмыс тобы өкілдерінің басым көпшілігі қолдады.
"Заң жобасының бірінші оқылымы Мәжілісте 7 сәуірде өтетін болады. Көпшілік арасында жекелеген түсініспеушіліктер кездесуде. Жалған қауесет таратушылар бар. Жердің шетелдіктерге берілмейтіндігі жөнінде нақты шешім қабылданды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы қоғам тарапынан көтеріліп отырған негізгі мәселелер бойынша түйінді шешімін айтты. Нүктесін қойды. Қазіргі таңда комиссия алдында ауыл шаруашылығы саласындағы жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу міндеті тұр",  –  деді Жер комиссиясының төрағасы Ерлан Тоғжанов.