Нұр-Сұлтанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды
175
оқылды
Ауа райының бұзылуына байланысты астанада ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады. Төтенше жағдайлар департаменті Нұр-Сұлтанда 5 сәуірде қалың тұман түсіп, көктайғақ болатынын ескертеді. «Қазгидромет» РМК дерегінше, циклон солтүстік-шығысқа ығысып, ел аумағының басым бөлігіне ықпалын тигізеді. Кей жерде жауын-шашын жауады. Солтүстік-батыста жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста найзағай жарқылдайды. Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер 5 сәуірде Қазақстанның өңірлерінде қандай ауа райы болатынын болжады.