Ауа райының нашарлауына байланысты 8 облыста ескерту жарияланды
Ауа райының нашарлауына байланысты 8 облыста ескерту жарияланды
5,130
оқылды
Елімізде қолайсыз ауа райына байланысты 8 өңірде ескерту жарияланды. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оралда ертең түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Күндіз шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады, батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с жетеді.