Келіні енесінің атынан несие алған
Келіні енесінің атынан несие алған
124
оқылды

Арыс ауданының тұрғыны полицияға арызданды. Бұл туралы otyrar.kz жазды.

Әйелдің айтуынша, бұрынғы келіні несиені баласымен ажыраспай тұрып алған. Тамыз айында алынған 50 мың теңгенің үстемақысы бүгінде бірнеше есе көбейген.

Тергеу кезінде келін өзінің қарызын жабу үшін осылай кредит алған. Ол енесінің ұялы телефоны арқылы несие рәсімдеген. Кейін өз несиесін жауып, қалған қаржыны керегіне жаратқан.

Оқиғаға қатысты тергеу басталды.