Бір күнде шет елден келген 5101 жолаушының 22-сінде ПТР тест анықтамасы жоқ
Бір күнде шет елден келген 5101 жолаушының 22-сінде ПТР тест анықтамасы жоқ
97
оқылды

4 сәуірде Қазақстан аумағына 39 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

Шет елден келген 5101 жолаушының 5 079-ында анықтама бар. 22-сінде жоқ. Атап айтқанда, Алматыға – 19 рейс, 3 030 жолаушы, Нұр-Сұлтанға – 10 рейс, 1115 жолаушы, Шымкентке – 5 рейс, 517 жолаушы, Атырауға – 2 рейс, 295 жолаушы, Қарағандыға – 2 рейс, 6 жолаушы, Түркістанға – 1 рейс, 138 жолаушы келген.

Шет елден анықтамасыз келгендер Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тест тапсырды.