Бекшин тойда жүрген қызметкеріне қатысты пікір білдірді
Бекшин тойда жүрген қызметкеріне қатысты пікір білдірді
145
оқылды
Алматы қаласы бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин тойда билеп жүрген қызметкеріне қатысты пікір білдірді. Қазақстандықтар Алматы қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз хатшысы Қымбат Қызайбекованың WhatsApp мессенджерінде жариялаған видеосын талқылап жатыр.
«Менің орынбасарым бұл жағдайды анықтады. Видео екі жыл бұрын түсірілген. Ол бізде 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істейді және баспасөз хатшысы емес. Баспасөз хатшысы  25 наурызда денсаулығына байланысты жұмыстан босады. Қазір оның орында Мұхамедияров жұмыс істейді. Видеодағы қыз оған мәтін аударуға көмектеседі. Ол мемлекеттік қызметкер емес. Видео пандемияға дейін түсірілген», - деді Жандарбек Бекшин.
Алайда, журналистер мәтін жазу функциясы тек 2020 жылдың соңында пайда болғанын көрсетіп тұрғанын айтып, Бекшинді тағы сұрақтың астына алды.
«Мұны онда тәжірибелі тергеуші анықтауы керек. Қазір ол техникалық қызметкер, 10 күн уақытша жұмыс істейді. Біз баспасөз хатшысының орнына жаңа конкурс жариялаймыз. Егжей-тегжейлі тергеу жүргіземіз. Бірақ, әзірше оқиғаның бір апта немесе бір ай бұрын болғанын дәлелдей алмаймыз», - деп жауап берді ол.
https://www.youtube.com/watch?v=PfACcunYEBY