Елімізде бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Елімізде бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
5,112
оқылды
"Казгидромет" РМК еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарының аумағында қар еріп, өзендерде су деңгейі көтеріледі деп болжанып отыр. Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріледі. Оңтүстік-шығыстан, солтүстік-батысқа ауысатын желдің күші кей жерлерде 15-20 жетеді, күндіз екпіні – 23 м/с. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында 5-6 сәуір аралығында қар көшкіні болуы мүмкін.