Иманбек «Грэмми» алғаннан кейін бір концерті үшін қанша алатынын айтты
Иманбек «Грэмми» алғаннан кейін бір концерті үшін қанша алатынын айтты
124
оқылды

Қазақстанда «Грэмми» сыйлығын тұңғыш алған Иманбек Зейкенов қазіргі таңдағы табысы туралы айтты.

– Қазір менің концертім 10 мың евродан (5 млн теңге) басталады. Бүгінге дейін 100 мың евродан жоғары табыс тауып үлгердім,  – деді Иманбек Зейкнов YouTube арнасындағы "По студиям" бағдарламасында. "Roses" ремиксінің авторы танымал сыйлықты алғаннан кейін таныстарының тым көбейіп кеткенін айтты. Тіпті балабақшада бірге болған қатарластары да хабарласқан. Сондай-ақ алыс туысқандары да байланысқа шығып, түрлі көмек сұрай бастаған. Иманбек олардың аяқ асты пайда болғанына таңғалып, тіпті кей жағдайда мезі қылатынын жеткізді. – Өмірде мұндайдан қашып құтыла алмайсың. Кейде мұның бәрі шаршатады. Егер келіп жатса, ешқайсысын кері қайтармаймын. Араласамын, сөйлесемін. Алайда мұндай адамдармен алыстан сыйласқанды құп көремін, – деді Иманбек. https://youtu.be/MatBfXPU5-c