Қоғамдық кеңестің жұмысы барынша ашық болады – Аманжан Жамалов
Қоғамдық кеңестің жұмысы барынша ашық болады – Аманжан Жамалов
119
оқылды
Nur Otan пар­тиясы Саяси кеңесі бюросының шешімімен Nur Otan пар­тия­сының «Өзгерістер жолы: әр аза­матқа лайықты өмір!» сай­лауалды бағдарламасын іске асырудың басым бағыттары бойынша 14 партиялық кеңес құрылды.  Партиялық кура­торлар институтының орнына құрылған қоғамдық кеңестің жұ­мысына қатысты Мәжіліс депу­таттары пікірін білдіріп, өздеріне жүктелген міндетті лайықты дең­гейде атқаруға уәде етті. Эконо­ми­калық даму және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы болған Аманжан Жамалов партиялық кеңес жұмысын жандандыруға бар күш-жігерін салатынын айтты. – Қоғамдық кеңестің құрамына Парламент депутаттарынан басқа белгілі сарапшылар, әлеуметтік белсенділер мен кәсіпкерлер де енеді. Юлия Якупбаева, Гүлнәр Құрбанбаева, Ләззат Ибрагимова, Гүлнар Қуанғанова, Руслан Сұлтанов, Берік Бекенов, Азиза Шужеева, Эльдар Мамедов, Гүлмира Уахитова, Аман Аюпов, Айнұр Бақтығалиева және басқалар кеңеске қатысуға келісім білдіріп үлгерді. Біз сайлауалды бағдарламаның «Қолайлы экономикалық орта» (34 балл) және «Мықты кәсіпкерлер» (28 балл) бағыттарын бақылап оты­рамыз. Олар бюджеттік саясат, са­лықтар, несиелеу, инфляция, инвес­тицияларды тарту, ШОБ дамыту мәселелеріне қатысты. Бағдар­ла­маның барлық тармағын іске асыру Қоғамдық кеңестің бақылауында болады деп сендіргім келеді. Қоғам­дық кеңестің жұмысы барынша ашық болады. Біз оның жұмысына сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдерін шақырамыз, – деді халық қалаулысы.