Партия «Ауқатты ауылдар» бағыты бойынша жұмысты күшейтеді – Берік Оспанов
Партия «Ауқатты ауылдар» бағыты бойынша жұмысты күшейтеді – Берік Оспанов
190
оқылды
Nur Otan пар­тиясы Саяси кеңесі бюросының шешімімен Nur Otan пар­тия­сының «Өзгерістер жолы: әр аза­матқа лайықты өмір!» сай­лауалды бағдарламасын іске асырудың басым бағыттары бойынша 14 партиялық кеңес құрылды.  Аграрлық секторды дамыту жөніндегі кеңестің төрағасы болған Берік Оспанов та партиялық ке­ңестің жұмысы үлкен жауап­кер­шілікті қажет ететінін жеткізді. – Nur Otan партиясы жа­нындағы аграрлық секторды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес партия жанындағы консульта­тивтік-кеңесші орган және «Өз­ге­рістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған партияның сайлауалды бағдарламасының «Ауқатты ауылдар» бағыты бойынша шараларды тиімді іске асыруға, сондай-ақ аграрлық секторды да­мытуға жәрдемдесу мақсатында жұ­мыс атқаратын болады. Қазір Аграрлық секторды дамыту жөнін­дегі кеңестің құрамы жасақталуда. Кеңестің құрамына Қазақстан Республикасы Парламенті Мә­жі­лісінің Аграрлық мәселелер коми­те­тінің мүшелері, партия де­путаттары, «Атамекен» ҰКП, Қа­зақстанның Астық одағы, Қазақстан құс өсіру­шілер одағы, Қазақстан Сүт Одағы мүшелері мен үкіметтік емес ұйым­дардың өкілдері, сарап­шылар, жал­пы қоғамдық пікір көшбасшылары және басқа да азаматтар кіреді. Мақ­саты айқын, нақты істер пар­тиясы ретінде Nur Otan барлық деңгейде өзінің сайлауалды уәде­ле­рін іске асыруды қамтамасыз етеді, – деді Берік Оспанов.