БҚО-да алаяқ 14 миллион теңге жымқырып кетті
БҚО-да алаяқ 14 миллион теңге жымқырып кетті
102
оқылды
БҚО-да алаяқ тұрғынның 14 миллион теңгесін жымқырған, – деп хабарлайды Polisia.kz. БҚО-да 48 жастағы əйел полицияға көмек сұрап келген. Ол қарызға ақша беремін деп біршама қаржысынан айырылған. Сенімге кіріп, жалған жолмен пайда көрмек болған алаяқ оның 14 миллион теңгесін жымқырған. БҚО ПД қызметкерлері 21 жастағы азаматты ұстады. Күдіктінің өзге қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуда. Қазіргі таңда алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.