Вирустың жаңа штамдары Атырауға жетті

Вирустың жаңа штамдары Атырауға жетті

Атырауда эпидемиологиялық ах­уал  дабыл қағарлық жағдайда. Өт­­кен жылы  індеттің басты ошағы Теңіз вахталық кеніші болса, биылғы індет жұқтырғандар облыс орта­лы­ғында көбейіп тұр.

Атыраулық дәрігерлер  коронавирустың  8 наурыздан соң күрт артып кеткенін айтып отыр. Өйткені батыс өңірлерде сақ­талған көрісу дәстүрі  мен той-томалаққа бару толастамай тұр. Атырау облысының бас санитар дәрі­гері Мәдениет Танауов онлайн брифинг барысында эпидемиологиялық тергеу нә­тижелерін жариялады. Осыған байланысты ол тұрғындарды адам көп жиналатын іс-шараларға қатыспауға және  барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Аймақта коронавирус жұқтырған­дардың  41 пайыздан  астамы  ауысым жұ­мысшылары. Ал 22 пайызы  – науқастар­мен байланыста болған адамдар, 28 па­йыздан  астамы – түрлі іс-шарада, 7,6 пайызы  қоғамдық көлікте жұқтырған. Атырау облысы бойынша 6 сәуірдегі коронавирус жұқпасының эпидемиология­лық жағдайына келсек, осы  жылдың 28 наурызы мен  сәуірі аралығында корона­вирус инфекциясының 19 207 жағдайы тіркелген. Инфекция жұқтырғандардың дені  Атырау қаласынан анықталып отыр.

Вакцина жетпей қалмай ма?

Сондай-ақ Атырауға 2 сәуірде «Спут­ник V» вакцинасының екінші топтамасы, 3 600 доза мөлшерінде келді. Бұл вакцина­лар облыстың 23 егу пункті бойынша біркелкі таратылды. Қазір өңірде халықтың СOVID-19-ға қарсы жаппай вакцинасы өтіп жатыр.  Денсаулық сақтау басқармасы бас­пасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, биылғы 1 ақпан мен 5 сәуір аралығында «Спутник V» I компонентімен 4 868, II ком­понентпен 2 026 адамға екпе жасалды. 5 сәуірдегі дерек бойынша, «Спутник V» вакцинасының I компонентін 765 адам алды. Оның ішінде 103 медицина қыз­мет­кері, 130 педагог, 93 полиция қызметкері, 16 студент, 15 жабық мекеме қызметкері, 25 құқық қорғау органдарының қызметкері, 12 мемлекеттік қызметші, 13 созылмалы аурумен ауыратын адам, 358 жергілікті тұрғындар бар. Айта кетерлік дүние, ерікті түрде тұр­ғы­лықты жеріндегі емханадан «Спутник V» вакцинасының I компонентін алғандар­дың ішінде 87 жастағы қала тұрғыны бар.  Атырауға  2 сәуірде  вакцинаның 3 600 дозасы  келді. 5 сәуірде жергілікті тұрғын­дар тұрғылықты емханаларында вакцина­ның жоқтығы туралы ақпараттарды әлеу­меттік желіде жаза бастады. Бұл ақпаратқа облыстық Денсаулық сақтау басқармасы 10 сәуірге дейін Атырауға 9 мың вакцина келетінін айтып, жауап қайтарды. Атырау облысында 658 мыңнан аса  халық тұрса, соның 70 пайызында вакцина алғанда ғана вирус жұқтыру қаупі сейіледі. Атырауда 18 жасқа толған 253 мыңға жуық  балаларды, одан бөлек, жүкті әйелдер мен  бала емізетін әйелдер мен түрлі қауіпті созылмалы ауруы бар науқастарды  30 пайыз деп есептен  шығарып тастағанның өзінде 295 мыңдай халық вирусқа қарсы вакцина алуы қажет. Қазір аймақта індет жұқтыру еселене  түсті. Содан ба, бас­тапқыда   вакцина алуға қарсы шыққан халықтың дені бүгінде вакцинаға деген тапшылық болып қала ма деген қауіпті  сезе бастағандай.

Британдық коронавирус штамы біздің аймаққа келді ме?

«Бұл әзірге белгісіз». Атырау облысы­ның бас санитар дәрігері Мәдениет Та­науов брифингте осылай деп жауап берді. – Біз 21 сынаманы республикалық зертханаға жібердік, олардан мутациялар анықталды. Бірақ зертханалар қандай мутация штамы, яғни оңтүстік африкалық, бра­зилиялық немесе британдық штамм екенін айтуға әзір дайын емес. Қазір қо­сым­ша зерттеулер жүргізілуде, – дейді бас санитар. Бүгінде облыста коронавирус жұқтыр­ған 500 адам үй жағдайында, 169 науқас модульдік ауруханада, 466  науқас  инфек­циялық стационарда емделуде. P.S.

Атырау облысы   коронавирус  инфек­ция­сының таралуы бойынша «қызыл ай­мақ­та». Пандемия өршіп тұрғанда мейрамхана мен кафелерде  терезелерін жауып, қонақ­тарды артқы есіктен кіргізу тыйылар емес.  Оларды мобильді топтар анықтап, айыппұл салғанымен,  қонаққа, жаназаға  барушы­лардың қарасы көп. Елімізде індеттің тез таралатын аса жұқпалы қауіпті штамдары тіркелсе де, оларға тоқтау болмай тұр. Тіпті, тәулігіне жүзден аса індет жұқтырғандар анық­талып, модульді аурухана 25 пайыз нау­қасқа толғаны, ондағы жансақтау бө­лімінде 18 науқастың ауыр халде жатқаны сабақ болмаған секілді.

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы