Америкалық Forbes әлемдегі ең бай адамдардың жаңа тізімін жариялады. Forbes 2021 тізіміне алғаш рет Kaspi.kz құрылтайшылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе және Freedom Finance иесі Тимур Турлов енді.
1. Тізімде қазақстандықтар арасында бірінші тұрған - 4,6 млрд. доллары бар Владимир Ким. Ол 622-орында тұр. Оның байлығы былтырдан бері 3,7 миллиард доллардан 900 миллион долларға дейін өскен. Владимир Ким KAZ Minerals PLC тобының мажоритарлық және атқарушы емес директоры, Kazakhmys Holding президенті, "Корпорация Казахмыс" ЖШС акциясының 70%-ына иелік етеді. Сонымен бірге Bank RBK АҚ-да, "Таң" телерадиокомпаниясында, Astronet ЖШС және Central Asian Assistance компанияларында үлесі бар. [caption id="attachment_126344" align="aligncenter" > Владимир Ким. Фото: Inform.kz[/caption] 2. Ең бай қазақстандықтар рейтингінде екінші, ал әлемдік тізімде 891-орынды Болат Өтемұратов иеленді. Оның капиталы бір жылда 700 млн. долларға көбейді, яғни 2,7 млрд.-тан 3,4 млрд. долларға дейін өсті. Былтыр ең бай қазақстандықтар рейтингінде төртінші орында болды. Ол ForteBank АҚ акциясының 87,27%-ына иелік етеді. Сонымен бірге ол Glencore Plc трансұлттық компаниясының 1,16% акциясына ие. "КаР-Тел" ЖШС (25%), Sky Mobile (49,9) (Қазақстан мен Қырғызстандағы "Билайн" байланыс операторлары), алтын өндіретін RG Gold компаниясында (65%), Нұр-Сұлтан, Вена және Мәскеудегі Ritz-Carlton қонақүйлері, Ақмола облысындағы Rixos Borovoe қонақ үйлері (100%), Қазақстандағы Burger King фастфуд франшизасы, девелоперлік Global Development, әуежайдағы үлесі және "Сарыарқа" ақпараттық-сараптамалық интернет-порталы, Informburo.kz, "31 арна" ТРК (80%), Video International Kazakhstan медиа жарнама нарығының операторы (50%), сондай-ақ қазақстандық Media Management Systems ЖШС және "Direct Technology Company" ЖШС акциясының 100%-ына иелік етеді. [caption id="attachment_126345" align="aligncenter" > Болат Өтемұратов. Фото: Аzattyq-ruhy.kz[/caption] 3. Ал биыл әлемдегі ең бай адамдар қатарына алғаш енген қазақстандық - Kaspi банкінің негізін қалаушылардың бірі Вячеслав Ким. Ол 3,3 миллиард доллар капиталымен әлемдік тізімде 925-орында тұр. Бизнесменнің Kaspi.kz-тегі үлесі - 25%. Былтыр ең бай қазақстандықтар рейтингінде сегізінші орында болды, биыл үшінші орында. Қазақстандық Forbes-тің мәліметінше, Вячеслав Ким Magnum сауда желісінің бақылау кеңесінің төрағасы, "Алсеко" АҚ бақылау кеңесінің мүшесі (былтырғы мәлімет бойынша 90% акциясына ие), QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі. Сонымен бірге Қазақстан Таэквондо федерациясының президенті, Қоғамдық Fizmat Endowment Fund мүшесі, РФММ директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі, Almaty Triathlon Federation қамқоршылық кеңесінің және "Мейірім" қайырымдылық қорының мүшесі. [caption id="attachment_126348" align="aligncenter" > Вячеслав Ким. Фото: Тime.kz[/caption] 4. Ең бай төртінші қазақстандық бизнесмен - Kaspi.kz құрылтайшыларының бірі - Михаил Ломтадзе. Ол әлемдік тізімде 2,3 млрд. долларымен 956-орынға тұрақтады. Михаил Ломтадзе Грузия азаматы, Қазақстанда 2007 жылдан бері тұрады. Оның капиталы Қазақстаннан шыққандықтан, әлемдік тізімде де сол елдің бизнесмені есептеледі. [caption id="attachment_126349" align="aligncenter" > Михаил Ломтадзе. Фото: Тengrinews.kz[/caption] Айта кетейік, қазанда Kaspi.kz Лондон биржасына шықты. Ол кезде депозитарлық қолхат (GDR) құны 33,75 болса, қазір 75 долларға дейін өсті. Қазір компанияның нарықтағы бағасы шамамен 13,9 млрд. долларға жетті. 5, 6. Қазақстандықтар арасында бесінші, ал әлемдік тізімде 1111-орында Тимур мен Динара Құлыбаевтар тұр. Олардың әрқайсысының 2,8 млрд. доллары бар. Былтырмен салыстырғанда олардың жағдайы өзгерген жоқ. 2020 жылғы 1 қазандағы мәлімет бойынша, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ активтері елдің барлық банкінің активтерінің 32%-ын құрады. Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаева "АЛМЭКС "Холдинг тобы" АҚ арқылы қаржы тобына тең иелік етеді. Топтың Қырғызстан, Грузия, Тәжікстан және Өзбекстанда құрылымы бар. Қазақстанда "Altyn Bank" АҚ-ның 40%-ы Халық Банкіне тиесілі. Бизнесмен сингапурлық Steppe Capital Pte Ltd, "Каспий мұнай" АҚ-ның 100% акциясына, Joint Resources АҚ-ы және "ҚазАзот"АҚ-ның 50%-ына ие. Ол "Кипрос" ЖШС негізгі иесі, ол арқылы VILED Group ЖШС, Emdeu Group ЖШС үлесі бар және Joint Technologies ЖШС басқарады. "Алматы ЗТО" (Алматы әуежайындағы арзан терминал), "Қамқор Менеджмент" ЖШС, "Қамқор Локомотив", "Теміржолэнерго", Jibek joly Cargo, SilkwayTransit және тағы басқа компанияларда үлесі бар. [caption id="attachment_126352" align="aligncenter" > Тимур мен Динара Құлыбаевтар. Фото: Ztb.kz[/caption] Forbes-тің ең бай адамдар тізіміне алғаш рет 2,2 млрд. доллар капиталы бар Тимур Турлов та енді. Ол қазақстандықтар арасында алтыншы, ал әлемдік рейтингте 1517-орында. Тимур Турлов Freedom Holding Corp холдингінің бақылау пакетінің негізін қалаушы және иесі (73%). Холдинг құрамына "Фридом Финанс" инвестициялық компаниясы, Freedom24 онлайн акциялар дүкені және "Фридом Финанс" банкі кіреді. 7. Қазанда Freedom Holding Corp инвестициялық тобы NASDAQ Capital Market-ке шықты. Компанияның нарықтағы капиталы 3,29 миллиард долларға жетті, ал бір акциясының құны - 56,61 доллар. [caption id="attachment_126354" align="aligncenter" > Тимур Турлов. Фото: lsm.kz[/caption] Ал әлемдік ең бай адамдар рейтингінің басында Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос, Tesla-ның иесі Илон Маск, Louis Vuitton және Christian Dior брендтерінің жетекшісі Бернар Арно, Microsoft басшысы Билл Гейтс және бесінші орында Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг тұр. [caption id="attachment_126358" align="aligncenter" > Фото: Forbes.com[/caption] Биыл әлемдегі ең бай әйел атанған - Франсуаза Беттанкур Мейерс. Ол L'Oreal Француз мұрагері, компанияның 33% акциясына иелік етеді. Байлардың көбі, 724 бизнесмен (былтыр 614 болған) АҚШ-та тұрады, содан кейін Қытай - 698 бизнесмен (456 миллиардер болды). Миллиардерлер саны бойынша үшінші орында - Үндістан (140 адам).