Жерді шетелдіктерге сатуға, жалға беруге тыйым салынады – Мәжіліс төрағасы
Жерді шетелдіктерге сатуға, жалға беруге тыйым салынады – Мәжіліс төрағасы
272
оқылды

Бұдан былай заңнама аясында жерді шетелдіктерге сатуға да, жалға беруге де толықтай тыйым салынады. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин айтты.

«Бүгінгі мақұлданып отырған Жер қатынастары туралы заң жобасының қоғамда маңызы да, орны да ерекше. Себебі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен әзірленген осы құжаттың нәтижесінде, халқымыздың назарында жүрген сұрақ бойынша нақты шешім қабылданды. Енді жерімізді шетелдіктерге сатуға да, жалға беруге де толықтай тыйым салынады», – деді Нұрлан Нығматулин.

Бұған дейін Мәжіліс жерді шетелдіктерге беруге тыйым салатын заңды мақұлдағанын жазған болатынбыз.