Тоқаев дәрігерлерге азаматтардың денсаулығын қорғаудағы жанкешті еңбегі үшін алғыс айтты
Тоқаев дәрігерлерге азаматтардың денсаулығын қорғаудағы жанкешті еңбегі үшін алғыс айтты
154
оқылды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерге азаматтардың денсаулығын қорғаудағы жанкешті еңбегі үшін алғыс айтты. Бұл туралы Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Бүгін - Дүниежүзілік денсаулық күні. Қазіргідей қиын кезеңде денсаулық сақтау саласының тиімді жұмысы – адамзат өмірінде қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Пандемияның алғашқы күнінен бастап медицина қызметкерлері адам өміріне араша түсіп, коронавирусқа қарсы күрестің алдыңғы шебінде жүр. Қолжетімді және сапалы медицина жүйесі – жалпыұлттық басымдық. 2020 жылдан бастап медицина саласын қаржыландыру 1,5 есеге көбейді. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап сала қызметкерлерінің жалақысы көтерілді. Азаматтардың денсаулығын қорғаудағы жанкешті еңбегі үшін дәрігерлерге ризашылығымды білдіремін», - деп жазды Мемлекет басшысы.