Жұмысқа орналасуға қолұшын созды
Жұмысқа орналасуға қолұшын созды
204
оқылды
«Nur Otan» партиясы Жылыой аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне аудандық мәслихат депутаты М.Айтқұловтың  қабылдауына келген тұрғын Ә.Қ. ауызша өтініш білдірді. Жас маманның еңбек жолындағы тәжірибесі аз болғандықтан, тұрақты жұмысқа орналасуы қиын болған. Партия филиалына жүгінген жас азамат жұмысқа орналасу жолдарын сұрады. Қабылдауда болған тұрғынның өтінішін шешуге атсалысқан мәслихат депутаты М.Айтқұлов аталған мәселені зерделеп, аудандық жұмыспен қамту бөліміне ауызша хабарлады. Берілген ақпарат бойынша жұмыссыздық есебінде тіркеуде тұрғаны анықталды. Қабылдауда өзара әңгімелесу арқылы азамат жұмысқа деген алғырлығын, жауапкершілігі және білімділігін көрсете білді.  Нәтижесінде, «ЕрАрСтрой» ЖШС мекемесіне офис-ассистент мамандығына жұмысқа алу туралы келісім жасалды. Мәселе шешімін тауып, қазір Ә.Қ. теңіз қалашығында өз қызметін атқарып жатыр.