Вице-министр вакцина салдырған соң қайтыс болған перзентхана қызметкеріне қатысты пікір білдірді
Вице-министр вакцина салдырған соң қайтыс болған перзентхана қызметкеріне қатысты пікір білдірді
172
оқылды
Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Алматыда коронавирусқа қарсы вакцина салдырған соң қайтыс болған №4 перзентхана қызметкеріне қатысты пікір білдірді.
"Егер вакцинаның жанама әсері туралы айтсақ, яғни аллергиялық реакция болса, жарты сағаттан соң білінер еді. Алайда ол кісі екі күннен соң қайтыс болды. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды. Алдын ала болжам бойынша жүректің ишимиялық ауруынан қайтыс болған деген мәлімет бар. Жалпы елімізде осы күнге дейін  коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар арасында ешкім көз жұмған жоқ", - деді ол брифингте.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тойға қатысып, басы дауға қалған Роза Рымбаева мен Сәкен Майғазиевке қатысты пікір білдірген болатын.