Еліміздің 7 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Еліміздің 7 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
146
оқылды
"Қазгидромет" РМК алдағы үш күнде еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жариялады. Жамбыл облысында 8-10 сәуірде кей жерлерде тұман, ал 10 сәуірде найзағай мен қатты жел соғады, екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ және екпіні секундына 20 метр болатын жел соғуы мүмкін. Қарағанды облысына тұман түседі. Қостанай облысында 8 сәуірде тұман түсіп, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жететін жел соғады деп болжап отыр. Ақмола, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі. БҚО-да секундына 15-20 метрге дейін жел соғады. Таразда 10 сәуірде желдің секундына 20 метрге дейін күшеюіне байланысты ескерту жарияланған.