Алматыда сел жүрді
Алматыда сел жүрді
163
оқылды
Алматының Медеу ауданында сел жүрді. Бұл туралы алматылық тұрғын өзінің Facebook парақшасында жазған. Медеу ауданының әкімдігі 6 сәуірде облыстың Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерімен бірге оқиға орнына барғанын хабарлады.
«Оқиға орнын тексеру барысында жолдың 30 метрден астам бөлігінің құлағаны анықталды. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін арнайы белгі орнатылды. Тиісті шаралар қолдану жөнінде шешім қабылданған соң, жөндеу жұмыстары жүргізіледі»,– дейді әкімдік өкілдері.