Атырауда ауаның ластануы: Экология министрлігі «Теңізшевройлды» тексереді
Атырауда ауаның ластануы: Экология министрлігі «Теңізшевройлды» тексереді

Министрліктің мәліметінше, биыл 7 сәуір сағат 15:20-да КТЖ-2-нің 4-жолындағы С511 қондырғысының жұмысы автоматты бұғаттағыш іске қосылғандықтан тоқтап қалған. Соның салдарынан сары түтін мұржа арқылы ауаға тараған.

«Теңізшевройл» ЖШС-мен автоматты бұғаттағыштың іске қосылу себептері анықталуда. Атырау облысы бойынша Экология департаментімен жоғарыда көрсетілген фактілерге қатысты «Теңізшевройл» ЖШС-не жоспардан тыс тексеру тағайындау мәселесі қарастырылуда. Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланады» делінген хабарламада.

Бұған дейін Атыраудың экологиясы, тұрғындардың шағымы туралы бірнеше рет жазған болатынбыз.