Қазақстанның қай өңірінде сапалы орта білім алуға жақсы жағдай жасалған?
Қазақстанның қай өңірінде сапалы орта білім алуға жақсы жағдай жасалған?
462
оқылды

PaperLab ҚҚ Орталық Азия елдеріндегі Сапалы білімге қол жеткізу теңсіздігі индексін (Index of Disparity in Access to Quality Secondary Education IDAQSE) әзірледі. Қазақстанға арналған көрсеткіштер үш топқа бөлінген, олар: "оқыту жағдайы", "білім беру акторлары", "Ақпараттық және коммуникациялық технологияларға(АКТ) қол жеткізу".

Рейтингте ең соңғы орында, яғни Қазақстандағы сапалы білім алу қолжетімсіз өңір Маңғыстау облысы болды. Онда білім беру кадрлары сапасын бағалау критериі бойынша республикадағы ең төменгі көрсеткіштердің бірін көрсетті. Ал сапалы білім алуға ең қолайлы өңір - Павлодар облысы «Оқыту жағдайы» критериіне үш көрсеткіш кіреді: үш ауысымда білім беретін мектептер үлесі; апатты жағдайдағы мектептер үлесі; дәретханасы сыртта орналасқан мектептер үлесі. Тізімдегі көрсеткіштер бойынша ең нашар жағдай Алматы облысында. Ал Павлодар облысында сапалы білім алу үшін ең жақсы жағдай жасалған. «Білім беру акторлары» критериіне төрт көрсеткіш кіреді: жоғары білімі бар мұғалімдер үлесі; жоғары білімі бір мұғалімге шаққандағы оқушылар саны; мұғалімнің орташа жалақысының аймақтағы орташа жалақыға қатынасы; оқуын жалғастырған 11-сынып түлектерінің үлесі. Бұл көрсеткіш тобындағы басты аутсайдер астана, көшбасшы Түркістан облысы болды. "Ақпараттық және коммуникациялық технологияларға(АКТ) қол жеткізу" критериі төрт көрсеткіштен тұрады: интернетке кіре алатын мектептер үлесі; бір мектеп компьютеріне келетін оқушылар саны; интернет қызметі бағасы мен аймақтағы орташа жалақының арақатынасы; ең арзан ноутбуктың аймақтағы орташа жалақыға қатынасы. АКТ-ға қол жеткізудің ең жоғары көрсеткішін Атырау облысы көрсетті, ал ең төмен көрсеткішін Шымкент көрсетті. білім
Аймақтар Білім беру жағдайы Білім беру акторлары АКТ-ға қол жеткізу  Үш критерий қорытындысы
Павлодар облысы 99,8 71,3 92,3 87,8
СҚО 94,0 75,2 90,3 86,5
Ақмола облысы 94,7 69,7 89,3 84,6
Қостанай облысы 95,4 68,3 89,7 84,4
Қызылорда облысы 81,7 79,3 88,5 83,1
ШҚО 85,0 65,4 91,4 80,6
БҚО 73,3 57,8 90,4 73,8
Түркістан облысы 75,9 82,8 85,2 81,3
Жамбыл облысы 76,8 78,1 87,8 80,9
Қарағанды облысы 88,6 57,0 91,9 79,2
Қазақстан 83,6 62,5 91,3 79,1
Ақтөбе облысы 80,5 63,9 90,3 78,2
Алматы облысы 71,1 73,9 88,0 77,7
Алматы 98,8 42,5 85,5 75,6
Атырау облысы 77,5 50,1 96,4 74,7
Шымкент 73,0 69,6 76,7 73,1
Нұр-Сұлтан 86,5 37,0 85,7 69,8
Маңғыстау облысы 72,6 41,9 91,8 68,8
Барлық позиция бойынша ең жоғары ұпай – 100.