4 күннен соң қыз-келіншектерге арналған тиімді ипотека беріле бастайды
4 күннен соң қыз-келіншектерге арналған тиімді ипотека беріле бастайды
210
оқылды

Ол бағдарлама 12 сәуірден басталады. Әйелдерге арналған Umai ипотекалық бағдарламасын "Отбасы банкі" жүргізеді.

Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл бағдарламаның шарттары өте тиімді. Мысалы, бастапқы төлем 15% немесе банк депозитінде жинақ болмаса да пәтер алуға болады.

«Бағдарлама бойынша несиелендіру бағалауы тұрғын үй заемына көшкенде 12 пайызға өтеді. Сонда несие бағамы жылдық 3,5% -ға дейін төмендейді. Оның үстіне, меншігіңде баспана болмауы керек деген талап жоқ», – деді "Отбасы банкінің" менеджерлері.

Бұл бағдарламаға қатысу үшін отбасының табысы 320 мың теңгеден жоғары болмауы тиіс. Пәтер қаншаға бағаланса, банк соның 80 пайызына дейін несиемен береді. Мысалы, 10 миллион теңгенің пәтерін көрсеңіз, банк сізге 8 миллионын несиеге береді.

«Тіпті, осы бағдарлама арқылы жаңа пәтерді ғана емес, екінші нарықтағы пәтерлерді де алуға болады. Қажет көрсе, пәтердің жөндеу жұмыстары үшін де несие алуға болады» дейді банк қызметкерлері.

Несие 25 жылға дейін беріледі. Ал егер оған табысыңыз жетпесе, қасыңызға досыңыз бен жақыныңызды табыскер ретінде көрсетуге болады.