Мысырда қалған бала елге оралды
Мысырда қалған бала елге оралды
88
оқылды

«Туристік қамқор» қоры мәлім­деуінше, Мысырда қалуға мәжбүр болған 17 жастағы отандасымыз елге оралды. Ата-анасы оны Мысырда шарасыздықтан қалдырып кеткен. Жасөспірімнің оқиғасы әлеу­меттік желіде қызу талқы­лан­ған-ды.

Оқиға төмендегідей өрбіген. Төрт адамнан тұратын отбасы Мысырда демалған. Олар елге қайтатын кезде ПТР-тест тапсырған. Үлкен ұлының тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен.  Осы­лайша,  туроператор отбасын Мы­сырда ұлдарын қалдырып, өздерін Қазақ­станға оралуға көндірген. Жас­өспірімнің ата-анасы бұған дейін оның шетелге  жалғыз ұшқанын ескеріп, ұсынысты құптаған. «Баланың ата-анасы оны Мысырда тастап кеткені дұрыс болған. Өйткені ол бортта екі жүзден астам адамға корона­вирус жұқтыруы мүмкін еді. Бұл ретте туроператор барлық жауапкершілікті өз мойнына алды. Жасөспірім қонақ үйде қалды. Барлық шығынды қонақ үй бас­шылығы көтерді», – деп хабарлады «Туристік қамқор» қоры. Желіде жасөспірім емделу мен елге келу  шығынын өз қалтасынан төледі деген ақпарат тарады.  Алайда қор өкіл­дері бұл ақпардың жалған екенін атап өтті. Сақтандыру компаниясы да ережеге сай әрекет еткен. Жас жігітті қонақ үй бөлмесінде оқшаулап, тамақпен қамта­масыз еткен. Оның жағдайын бақылап, ПТР-тест ақшасын төлеген.

А.ЖОЛДАС