«Қазгидрометтің» мәліметінше, ауа райы құбылмалы болады.
Кей жерлерде жауын-шашын жауады. Тек оңтүстікте күн ашық болады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.
Оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, солтүстікте көктайғақ болады. Ақмола, Павлодар, Жамбыл облыстарында тұман түседі, күндіз жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қостанай облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Күндіз Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында жел екпіні – 15-20 м/с.
Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды дауыл тұрады.