Вакцина егуден басқа жол жоқ – Президент
Вакцина егуден басқа жол жоқ – Президент

Мемлекет басшысы Ресейдің сыртқы істер министрін қабылдау кезінде халықты жаппай вакциналауды жеделдету үшін, біріншіден, нарыққа вакцинаны тиісті мөлшерде жеткізу керек екенін, екіншіден, халыққа екпе салдырудың маңыздылығын түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтты.

«Қазір жұрттың көпшілігі бұл шараның маңыздылығын толық түсінбей жатыр. Әрине, біз вакцинаны тегін саламыз. Сондықтан мен өзім де вакцина егуден басқа жол жоқ екенін үнемі айтып келемін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.