Елбасы Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Елбасы Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
171
оқылды

Елбасы Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Патшайымы ІІ Елизаветаға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады elbasy.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев Ханзада Филипптің өмірден өткені туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.
«Ол жарқын әрі мағыналы ғұмыр кешті. Сіздің сенімді тірегіңіз болып, ел мүддесі жолында нағыз патриот және халықаралық деңгейдегі біртуар қайраткер ретінде тарихи із қалдырды. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіне сапарларым барысында Өзіңізбен және Ханзада Филиппен болған кездесулерде марқұмның Қазақстанға деген ілтипатты көңілі мен игі ниетін әрдайым сезетінмін. Сіздің және туыстарыңыздың қайғысына ортақпын. Осынау азалы сағатта, Ұлы Мәртебелі, Сізге, отбасыңызға, бүкіл Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің халқына сабыр тілеп, көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.