Еске алу институтын құруды ұсынды
Еске алу институтын құруды ұсынды
5,270
оқылды

Қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау 11 бағыт бойын­ша жүргізілетіні белгілі бол­ды. Мұндай шешім қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік  комиссияның екінші оты­ры­­сында қабылданған. Со­ны­мен қатар еске алу инс­ти­ту­­тын  құру жөнінде де ұсы­ныс айтылған. Бұл туралы Ор­­­­­та­лық коммуникациялар қызме­тіндегі брифингте ай­тылды.

Неге 11 бағыт екенін вице-премьер Ералы Тоғжанов тү­сін­діріп, «Оның бағыттары көп: «сотсыз және тергеусіз», «ұжым­дастыру ке­зеңі» және «депортация кезеңі» кате­­гория­лары бар»... Қазақстанда 26-дан астам лагерь болған. Бұл ба­ғыттарды да зерттеу қажет бола­­ды. Лагерьлерде, кейін атылып кет­­кен қанша адам отыр­ды? Бүгінде нақ­­тылауды қажет ететін бағыттар өте көп. 11 бағыт нақтыланған», – деді. Яғни, саяси қуғын-сүргін көр­­­­­ген азаматтар осы бағыттар бойынша ақталады. Бірақ қуғын-сүргінге ұшы­ра­ған­дардың санат­­­тары қандай да бір этносқа бай­­­ла­­­­­­ныссыз және ес­керусіз қаралады. Әрі бұл жұ­­­мыспен тек ғалымдар ғана ай­на­лыспайды. Оларға адво­­­каттар да басты назар аударады. Себебі көп­теген сұрақ заңдарға қатысты. «Мемлекеттік комиссияның кешегі отырысында Үкіметке еске алу институтын – болашақта осы бағытта жұмыс істейтін арнайы мемлекеттік мекеме құру мүмкін­дігін зерттеу және қарастыру ұсы­нылды, өйткені бұл бір кезеңнің ісі емес. Мемлекеттік комиссия қазір мұның бәрін ашады, көмектеседі, бірақ мұрағаттармен дәйекті жұмыс жалғасуы керек. Бұл мәселе мем­лекеттік комиссияның келесі оты­рысында қаралатын болады», – деді брифингке қатысқан Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы. Ол сондай-ақ қаржылық шы­ғын­дардың негізгі қоры жұмысқа тартылған сарапшылардың жала­қысына жұмсалатынын айтты. Ресми деректер бойынша рес­пуб­лика деңгейінде ғана осы жылға 250 млн теңге жоспарланған. Жер­гілікті әкімдерге өңірлік комиссия мү­ше­лерін қаржы ре­сурстарымен және материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету тап­сы­рылды.  Со­нымен қатар де­путат Берік Әбді­ғалиұлы  Үкіметке Еске алу инсти­тутын құру мүм­кін­дігін зер­делеу және қарастыруды ұсынды.

Анар ҚОНЫС